Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Нұртас Адамбай Димаш пен Головкиннен кешірім сұрады

Белгілі кинопродюсер, актер Нұртас Адамбай Димаш Құдайберген, Геннадий Головкин және басқа да қазақстандықтардан кешірім сұрады. 

Нұртас Адамбай
Фото: /businessfm.kz

Алматы, NEGE. Желі қолданушылары кешеден бері Нұртас Адамбайдың инстаграм парақшасында түсініксіз жазба қалдырып жатқанын байқаған.

«Димаш Құдайбергеннен және оның әкесіненен бір кездері орынсыз кеңес бергенім үшін кешірім сұраймын. Менің сол әрекетіме даналық танытып, сабыр сақтағаны үшін оларға ризамын», деп жазды ол.

Сондай-ақ Н.Адамбай белгілі боксшы Геннадий Головкиннен де ғафу өтінген жазба қалдырды. Бұл жазбада да Нұртас Адамбай өзінің боксшыға орынсыз ақыл айтқанына өкінетінін жеткізген.

Айта кетейік, бұған дейін Нұртас Адамбай президенттерден, басқа да отандық танымал тұлғалардан кешірім сұрап жазба жариялаған. Актердың бұл түсініксіз әрекетін оқырмандары бірнеше күн бұрын болған діни мереке – «Ашура» күнімен байланыстырады.

Қазір оқып жатыр

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап