USD
USD
USD

Нұр-Сұлтан-Петропавл-Қорған жолын жаңарту жұмыстары 60 пайызға аяқталды

Қазақстанның солтүстігінде республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан – Петропавл – Қорған автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жолды реконструкциялау жұмыстары 2017 жылы басталған еді.

Нұр-Сұлтан-Петропавл-Қорған жолын жаңарту жұмыстары 60 пайызға аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан – Петропавл – Қорған жолының Петропавл қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі 60 шақырымын қайта жаңарту жұмыстарын қазақстандық «К-Дорстрой» компаниясы жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда жолшылар жол жабындысын жолдың 37 шақырымында ауыстырған. Сонымен қатар су өткізгіш 22 құбырды және 4 мал өтпесін салу жұмыстары орындалды. Жолдың толық бойында 450-ден астам адам, техниканың 275 бірлігі жұмыс істеуде. Қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң жол Іб және ІІ техникалық санаттарындағы жолға сәйкестендірілмек. Қазіргі таңда жұмыстардың 60% аяқталған. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, қозғалыс жыл соңына дейін жол учаскесінің толық бойында ашылатын болады. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев