USD
USD
USD

Нұр-Сұлтан-Павлодар трассасында ер адам көлік ішінде жанып кетті

 Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шегіп, бір адам қаза болды, деп хабарлайды   Pavlodarnews.kz. 

Нұр-Сұлтан-Павлодар трассасында ер адам көлік ішінде жанып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Жол апаты 28 маусым күні «Нұр-Сұлтан-Павлодар» тасжолында, Пограничник және Спутник ауылдарының арасында болған. Жеңіл көліктің жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан КамАз-бен соқтығысқан. Соққы салдарынан жеңіл көлік жана бастаған. Екі адам ауруханаға түсіп, бір адам көлік ішінде жанып кетті. «Аталған факті бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптамалар тағайындалды», – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, көлік ішінде жанып кеткен жолаушының тұлғасын анықтау мүмкін болмаған.

Себебі ол машинаға жолшыбай мінген. «1987 жылы туған ер адам омыртқа сүйегінің сынуы диагнозымен, 1999 жылы туған ер адам жабық бас миының жарақаты, бетінің жыртылған жарақаты диагнозымен Павлодар қаласының №1 ауруханасына жеткізілді. Үшінші адам «inDriver» қосымшасымен көлікке отырған жолаушы. Ол толығымен жанып кеткендіктен, кім екенін анықтау мүмкін болмады», – деді басқармадан. Жол апаты болған жерге жедел жәрдемнің екі тобы шығып, қызмет көрсеткен.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт