Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

  Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова карантин ережелері туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Жаңа қаулы аттракциондар, театрлар мен кинотеатрлардың жұмысын реттейді. Құжатқа сәйкес, қаладағы жабық ғимараттарда бұқаралық мәдени шараларды өткізуге тыйым салынады.

Саябақ аумағында орналасқан ашық аспан астындағы аттракциондардың барлық түрінің жұмысы тоқтатылады. Ashyq жобасына қатысатын театрлар мен филармониялар жұмыс істей алады, алайда орындардың 20 проценті ғана толуға тиіс. Көрермендер шахмат тәртібімен екі орындық сайын отыруы керек.

Жұмыс күндері мен демалыс күндері сағат 10:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі, ешқандай акция өткізуге болмайды.

Ashyq жобасына қатысатын кинотеатрлар сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеп, көрермендер санының 30%-не дейін қабылдай алады. Олар да шахмат тәртібімен екі орындық сайын отыруға тиіс.

Осы қаулы 2021 жылдың 2 шілдесінде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев