USD
USD
USD

Нұр-Сұлтаннан шығатын 4 бағыттағы жол жабылды

Қалың қар және боранның салдарынан елордадан шығатын 4 бағыттағы жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтаннан шығатын 4 бағыттағы жол жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 23 наурызда сағат 14:30-да ауа-райының нашарлауына байланысты (қатты жел, бұрқасын, шектеулі көріну) республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан қ.-Петропавловск қ.» (Нұр-Сұлтан қ. – Щучинск қ.) тас жолының 18-231 шақырымы аралығы автокөліктің барлық түрлеріне жабық.

Сағат 12:30-дан бастап ауа-райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, шектеулі көріну) «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» (Нұр-Сұлтан қ. – Қорғалжын қорығы) жолының 19-180 шақырымы аралығы автокөліктің барлық түрлеріне жабық. Сағат 12:00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, шектеулі көріну) «Нұр-Сұлтан-Павлодар» республикалық маңызы бар тас жолының 16-200 шақырымы аралығында (Нұр-Сұлтан қ.– Ерейментау қ.-Шідерті кенті) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Сағат 10:45-тен бастап ауа-райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын, шектеулі көріну) «Нұр-Сұлтан қ. – Қабанбай Батыр а. – Киевка кенті. – Теміртау қаласы» 16-51 шақырымы аралығы (Нұр-Сұлтан қ. – Қарағанды облысының шекарасы) тас жолы автокөліктің барлық түрлеріне жабық.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер