USD
USD
USD

«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолында 300 автокөлік тұрып қалды

  Ақмола облысының Ерейментау ауданы аумағында «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолында қар құрсауында қалған көліктер мен адамдарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолында 300 автокөлік тұрып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, екпінді жел мен боранның салдарынан Ерейментау ауданында төтенше жағдай орын алып жатыр. Ақмола және Павлодар облыстарының шекарасында ақтүтек боран болып тұр. Жол қызметтері республикалық маңызы бар автожолды жауып, азаматтарға жолға шықпауды ескертуде . Алайда , азаматтар соған қарамастан жолға шығып, қиындықтарға тап болып жатыр. «Нұр- Сұлтан-Ерейментау-Шідерті » автожолында 300-ге жуық автокөлік тұрып қалды. Жылыту орындарына 45 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды . Қазірге кезде көліктерді автоколоннамен елордаға жеткізу мәселесі шешілуде» , - деді ведомстводан.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қар алып қалған жолдарды тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда, екпінді жел мен бұрқасын жолшылардың жұмысына біраз қиындықтар туғызды. «ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындарына ауа райының жайсыздығын ескертіп, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес береді. Жолдардың жабылуы туралы «Дәрмен» қосымшасын жүктеу арқылы немесе 1403 нөмірі бойынша біле аласыз», - деп толықтырды Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов