USD
USD
USD

Нұр-Сұлтандағы ДСҰ министрлік кездесуі коронавирус салдарынан кейінге қалдырылды

Нұр-Сұлтандағы Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) министрлік кездесуі коронавирус салдарынан кейінге қалдырылды, деп хабарлады ҚазТАГ  ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – ҚР қаржы министрі Әлихан Смаиловты

Нұр-Сұлтандағы ДСҰ министрлік кездесуі коронавирус салдарынан кейінге қалдырылды
Фото: NEGE.kz

ң мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. «Кейінге қалдырылды», - деп хабарлады бейсенбі күні журналистердің коронавирус салдарынан ДСҰ министрлік кездесуі кейінге қалдырыла ма деген сұрақтарына берген жауабында Смаилов.

Атап өтелік, ДСҰ 12-ші министрлік конференциясын 2020 жылдың 8-11 маусымы аралығында Нұр-Сұлтанда өткізу жоспарланған еді.

Бұған дейін хабарлағандай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің коронавирус салдарынан арнайы алдын алу шараларын жүзеге асыруға кірісетінін мәлімдеген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 119 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 4,2 мыңнан астам.

2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты. Ал «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық халықаралық орталығы наурыз айының ортасына дейін жабылды.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Гебрейесус коронавирусты пандемия сияқты сипаттауға болады деп мәлімдеді.

 

Қазір оқып жатыр

Жұмыс берушілер еңбекке араласқан жасөспірімдерді сақтандыруға міндеттелмек

жасөспірімдер жұмысы

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: полиция қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды

жол апаты

Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды

.

Отбасы банк «Бәйтерекке» 100 млрд теңге дивиденд төлейді

Отбасы банк