USD
USD
USD

Нұр-Сұлтандағы дәмханада жарылыс болды: бір адам қаза тапты

Нұр-Сұлтандағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды.

Нұр-Сұлтандағы дәмханада жарылыс болды: бір адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. 2020 жылдың 21 қараша сында сағат 12:25-те Нұр-Сұлтанның Төтенше жағдай департаментінің кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне дәмхананың бірінде газ баллоны жарылғаны туралы хабар түскен. 

"Өрт сөндіру есептоптарының келуі бойынша, үйдің ішінде екі қыз бен 15 газ баллоны бар екені анықталған. Нәтижесінде ас бөлмесіндегі шатыр құлап түскен", - дейді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. 

Алдын ала мәлімет бойынша, дәмханадағы бір қыз үйінді астында қалып, оқиға орнында көз жұмған.  

Оқиға орнында Нұр-Сұлтанның ТЖД өкілдері, Апаттар медицинасы орталығының 21 құтқарушысы мен 5 техника жұмылдырылған. 

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар