USD
USD
USD

Нұр-Сұлтандағы "Атырау" көпірінде ойық пайда болды

Астананың 20 жылдығында Атырау қаласы сыйға тартқан көпірде ойық пайда болыпты.

Нұр-Сұлтандағы "Атырау" көпірінде ойық пайда болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл көпірдің орнатылғанына үш жыл болады. Астананың 20 жылдығына Атырау қаласы сыйға тартқан еді.  "Атырау көпірінде" ойық пайда болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Суретті Facebook парақшасында қала тұрғыны жариялады. "Аяқ астына қарап жүріңіздер, көпірде ойық пайда болды", - деп жазды Борис Оленев.

Қазіргі уақытта зақымданған жерді қар басқан. Бұл серуендеп жүрген адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін. Елорда әкімдігі көпір жөнделетінін хабарлады.

"Ол бөлікті қоршап қойдық. Жөндеу жұмыстары басталады", - деді Sputnik Қазақстанға әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, көпір 2018 жылы пайда болды. Жалпы ұзындығы  — 313,5 метр, ені — 10,5 метр. Ол қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналып үлгерді. Мұнда серуендеп, суретке түсемін деушілер қысы-жазы көп болады.

 

Қазір оқып жатыр

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт

Тоқаев 25-26 қарашада Мәскеуде Путинмен кездеседі

Тоқаев, Путин

Таразда белгісіз жауынгерлерге қойылған ескерткішті бүлдірді деген күдікпен 7-сынып оқушылары ұсталды

Күдіктілер