USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда және бес облыста ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан және бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК өкілдері. 

 Нұр-Сұлтанда және бес облыста ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Нұр-Сұлтан қаласында 5 ақпанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.

5 ақпанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші секундына 15-20 метр. Көкшетау қаласында жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні секундына 15-20 метр.

5 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі. Түркістан қаласында 5 ақпанда күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр желдің күшеюі күтіледі.

Шымкент қаласында 5 ақпанда күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр желдің күшеюі күтіледі.

5 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде секундына 15-20 метр сақталады.

5 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Қостанай қаласында 5 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр күтіледі.

5 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің күші кей жерлерінде секундына 15-20 метр сақталады. Ақтөбе қаласында 5 ақпанда түнде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 16 метр сақталады.

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

.

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

.

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

журналистика

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

.