USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда жаңа жол белгісі пайда болды

Елордада алғаш рет жол белгісі ретінде сары сызық қолданылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтанда жаңа жол белгісі пайда болды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің мәліметінше, Мәңгілік ел даңғылындағы бөлу жолағы сарыға боялды. Бұл жол апатын азайтуға бағытталған. Пилоттық жоба аясында Мәңгілік ел даңғылының бойында Ұлы Дала көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін жол белгісі ретінде сары түске боялды. «Жұмыс эксперимент ретінде жүргізілді. Бұл белгіні Жеңіс және Сарыарқа даңғылдарында қолдану жоспарланып отыр», - деп жазылды хабарламада. Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Чупековтің пікірінше, мұндай белгі көлік иесіне жолда қырағы болуға мүмкіндік береді. «Бұл белгі жүргізушілердің жолға назар салуына мүмкіндік береді, сондай-ақ қыста ауа райы нашарлап, жауын-шашын түскен кезде жол қауіпсіздігі деңгейін арттырады», - деді басшы.

Қазір оқып жатыр

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай