Нұр-Сұлтанда үш күнде 71 қылмыс тіркелді
Елорда аумағында 22-24 желтоқсан күндері «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы. NEGE. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 3 күнге созылған рейд барысында қала аумағында 71 қылмыс тіркеліп, оның 55-і ізі суымай ашылды. Сонымен қатар бұған дейін жасалған 36 қылмыс әшкереленді. Іздеуде жүрген 18 қылмыскер ұсталды. Есірткі заттарын заңсыз сақтаған 12 адам, қару-жарақты заңсыз сатып алу, сақтау және ұстап жүру фактісімен 11 адам қолға түсті. Шамамен 3 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 378 адам қоғамдық орында мас жүргені үшін, ұсталса, кішігірім бұзақылықтың 308 фактісі тіркелді. 365 адам тыныштықты бұзып, отбасылық жанжал шығарған 33 адам полиция назарына ілікті. Жол жүрісі қозғалыс қауіпсіздік сақтау бағытында жүргізілген жұмыстар аясында қауіпсіздік белдігін тақтаудың 22 фактісі анықталды. 30 жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермесе, 7 жүргізуші көлікті мас күйде тізгіндеген. 407 жаяу жүргінші ережені бұзғаны үшін айыпты болды. «Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 37 жастағы көлік ұрлаушыны ұстады. Күдікті түнгі сағат 02:40-та Тәуелсіздік даңғылы бойындағы үйлердің бірінің ауласынан «Volkswagen Passat» көлігін айдап кеткен. Автомобиль ұрлығы Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қарасты видеобақылау камерасына түсіп қалған. Кейінірек, күдікті көлікті Петров көшесін тастап бойтасалаған. Полиция қызметкерлері ауданды шолғындау барысында көлікті айдап кетен күдіктіні ұстап, ол қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 200-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр«, - деп атап өтеді департаменттен.