USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда үш адамды пышақтаған қылмыскер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласында ер адам бірден үш тұрғынды пышақтап кеткен, деп хабарлады Tengrinews.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда үш адамды пышақтаған қылмыскер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция мәліметінше, ішімдік ішкен ер адамға досының ұлымен сөйлескені ұнамаған. Салдарынан досымен сөзге келіп, оған үш рет пышақ салған. Пәтерден шыққан бетте ол көршісімен соқтығысып, қылмыс орнынан тезірек жасырынғысы келіп көршісіне де пышақ салған. Артынша оның әйелін де пышақпен жарақаттаған.

«Полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған күдіктіге қылмыс орнынан жасырынуға жол бермей, оны 15 минут ішінде ұстады. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адамның ҚР Қылмыстық кодексінің 103-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша бұрын сотталғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті