USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда үй құрылысы комбинатының қуаты күшейтілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов 

Нұр-Сұлтанда үй құрылысы комбинатының қуаты күшейтілді
Фото: NEGE.kz

Instagram парақшасында «GLB» үй құрылысы комбинатының қуаты жылына 450 мың м2 тұрғын үйге дейін ұлғайғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «GLB» үй құрылысы комбинатының қуаты жылына 450 мың м2 тұрғын үйге дейін ұлғайды. Бұл үй құрылысы комбинатының артықшылығы – сапасына зиян келместен құрылыс уақытын қысқартуға, шаршы метрдің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді.

Аталмыш комбинат құрылысы ұзаққа созылған үйлердің (Бағыстан, Алтын шар) проблемасын шешуге, сол сияқты әлеуметтік тұрғын үй салуға жұмылдырылған. Зауыттың қуатын арттыру арқылы әлеуметтік нысандар құрылысының қарқыны күшейіп, қосымша тұрақты жұмыс орындары құрылады.

Осыған дейін үй құрылысы комбинаты несие берушілер мен кәсіпорын қызметкерлеріне 600 млн теңгеге жуық қарыз болған. Мемлекеттің қолдауының арқасында бұл қарыз өтеліп, комбинаттың жұмысы қайта жанданды.

Бұдан бөлек, 2020 жылдың соңында ModeX үй құрылысы комбинатының жұмысы іске қосылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғын үй бағыттары бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр: жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайттық, «Elorda Jastary» арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық, тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылар санатын кеңейттік, тұрғын үй сертификаттарының сомасын 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық және т.б.», – деп жазды елорда әкімі.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек