USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің күмбезі құлады: Жарақат алған әйел көз жұмды

Нұр-Сұлтанда екі ай бұрын металл конструкцияның құлауы салдарынан жарақат алған 56 жастағы әйелді дәрігерлер аман алып қала алмады. Зардап шеккен келіншек қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің күмбезі құлады: Жарақат алған әйел көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел 22 қазанда №2 қалалық көпсалалы ауруханаға түскен. Онда науқасты шұғыл түрде арнайы мамандар қарап, одан кейін жансақтау бөліміне ауыстырылған. Әйелдің ашық бассүйек-ми жарақатын алғаны, миы ауыр дәрежеде жараланғаны анықталды. Сондай-ақ денесінде түрлі жарақаттар болған.

"Миға кезең-кезеңімен операциялар жасалды, өкінішке қарай, оң нәтиже бермеді. Осы жылдың 14 желтоқсанында науқас есін жимастан қайтыс болды. Реанимациялық шаралар жасалғанына қарамастан науқасты аман алып қалу мүмкін болмады", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе