USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда теплоходта кеш ұйымдастырғандар видеоға түсіп қалды

Полицейлер мен санитар дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы Есіл өзеніндегі теплоходта кеш ұйымдастырғандарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.

Нұр-Сұлтанда теплоходта кеш ұйымдастырғандар видеоға түсіп қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Куәгерлер Нұр-Сұлтандағы Есіл өзенінің бойымен жүзіп келе жатқан теплоходтағы кешті видеоға түсірген.

Кадрларда жастардың билеп жатқанын көруге болады. Онда отыздан аса адам жүр. Демалушылар карантиндік шектеулерде көрсетілген маска режимі мен әлеуметтік қашықты елемейді.

"Аталған факті бойынша Нұр-сұлтан қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті көліктегі полиция департаментінің Желілік басқармасымен бірлесіп, видеода көрсетілген адамдарды анықтау бойынша тексеруді бастады", - деді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Ол карантинді бұзған барлық жеке және заңды тұлғаы жауапқа тартылатынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны

Көкшетауда тағы бір суицид оқиғасы тіркелді: аурухана маңынан ер адамның мәйіті табылды

Полиция