USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда «ТеатрALL» фестивалі шымылдығын түрді

  «Театрал» халықаралық фестивалі басталды. Елордада бір апта бойы театрсүйер қауым түрлі жанрдағы қойылымдарды тамашалайды.

Нұр-Сұлтанда «ТеатрALL» фестивалі шымылдығын түрді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Карантиндегі үзілістен кейін сүйікті актерларымен қайта қауышады. Театр – мөлдір әлем. Оның айналасына жиналған жандардың да болмысы бөлек. Сондықтан болар көрерменді тез баурап алады. Ал Елордадағы алғашқы "Театрал" фестивалі саф өнерді сағынған көпшілікке мереке болары анық. (9361 қызыл кілем) Қызыл кілем, көтеріңкі көңіл-күй, шоқтығы биік қойылымдар. Фестиваль шымылдығы осылай түрілді. Қыз Жібек фильмінің жарыққа шыққанына жарты ғасыр болды. Туынды көрерменін жоғалтпайды. Бірақ, ондағы актерлер қатары сиреп жатыр. Астана Опера театрының әртістері олардың құрметіне Евгений Брусиловскийдің "Қыз Жібек" операсын қойды. Өнердің төресі көрермен көңілін серпілтті. Бұл сәтте Астана Балет театры ресейлік меймандарды қарсы алып жатты. Олар да құр қол келмеген. 

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы