USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда пандемия кезінде кәсіпкерлік нысанның 40% жабылған

Елордада коронавирус пандемиясы кезінде кәсіпкерлік нысанның шамамен 40% жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік кеңесінің басшысы Болат Омаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтанда пандемия кезінде кәсіпкерлік нысанның 40% жабылған
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. "Пандемия кезеңінде экономикалық көрсеткіштер шамамен 30-40% төмендеді. Бұл 2019-2021 жылдар аралығы. Осы 2 жылда қызмет көрсету, тамақтану, балаларды тәрбиелеу сынды салалар қатаң бақылауда болды. Әрине, бұл олардың жұмысына салдарын тигізді", - деді Болат Омаров Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің бизнес-қоғамдастық алдындағы есептік кездесуінің кулуарында.

Ол бүгінде барлығы біртіндеп, қалпына келіп жатқанын атап өтті.

"Кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне рұқсат берілді, коронавирус жұқтыру дерегі азайды. Сондықтан саладағы жағдай жақсарады деген үміттемін", - деді басшы.
 

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат