Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда өрт салдарынан 13 көлік жанып кетті

Нұр-Сұлтанда 13 көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды елордалық Төтенше жағдай департаменті.

Нұр-Сұлтанда өрт салдарынан 13 көлік жанып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға бүгін, 7 қаңтарда сағат 08:52-де Нұр-Сұлтан қаласы Есенберлин көшесіндегі көлік жуу орталығында болған. Көліктер өртеніп жатқаны туралы келіп түскен шақыруға Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінен 9 бірлік техника мен жеке құрамнан 15 адам шыққан.

Өртсөндірушілер сағат 08:59-да келіп, "Батыр" көлік жуу орнының екі қабатты ғимаратында көліктер жанып жатқанын анықтады.

"Көлік жуу орнында автокөлік көп болғандықтан өртті сөндіру біраз қиынға соқты, бірақ өртсөндірушілердің жедел және сауатты іс-қимылдарының арқасында өрт 10 сағат 21 минут ішінде ауыздықталып, 10 сағат 53 минут ішінде толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД азаматтарға, ТҚС және басқа да кәсіпорындардың иелеріне қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, тұрмыстық техниканы, элетроприборларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты  сақтауға, электр сымдарының оқшаулағышы зақымдалған аспаптарды пайдаланбауға сенімді түрде кеңес берді.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.