USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда обырға шалдыққандар көбейді

Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайын 1900 обыр ауруына шалдығу жағдайы тіркеледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті.

Нұр-Сұлтанда обырға шалдыққандар көбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жыл сайын 4 ақпанда халықаралық обырға қарсы ұйымның (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні аталып өтеді. Оның мақсаты - онкологиялық аурулардың алдын-алу және оны ерте анықтау туралы халықты ақпараттандыру, адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру және қолжетімді скринингтік зерттеулер туралы ақпарат беру», – деді Т. Мұратов атаулы күнге орай онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, адам бойындағы қатерлі ісік асқынып кетпей тұрып анықталса, оны жоюдың толық мүмкіндігі бар.

«Жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласында обырдың жаңа 1900 жағдайы тіркеледі. Бүгінгі күні диспансерлік есепте 11 546 пациент тұр. Обыр дерті құрылымына қарай ішінара бөлінеді. Соның ішінде 1 орында сүт безінің обыры -15,7%, 2 орында өкпе обыры -9,6%, 3 орында асқазан обыры 6,6%, 4 орында ішек обыры -5,0% және 5 орында тері обыры 4,3% құрайды. Аталған аурудың алдын алу және жою мақсатында біздің басқарма онкологиялық мекемелермен бірлесіп қызмет атқаруда. Обыр салдарынан адам өлімінің азаюы, ол дерттің асқынуына жол бермеумен тікелей байланысты. Яғни қатерлі ісік ерте анықталса, ол адамды емдеудің мүмкіндігі мол деген сөз», – дейді ол.

Басқарма басшысының сөзіне сенсек, елордада өткен жылы қатерлі ісік салдарынан адам өлімі көрсеткіші айтарлықтай төмендеген.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза