Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда лауазымды полицей есірткімен ұсталды

«Бүгін таңғы сағат 06:50 шамасында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында жедел іздестіру шаралары кезінде салмағы екі грамм есірткіні (каннабис) сатпақ болған Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық полиция басқармасы бөлім бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Темірбаев Руслан Сейітұлын ұстады». 

Нұр-Сұлтанда лауазымды полицей есірткімен ұсталды
Фото: NEGE.kz

Полиция подполковнигінің ұсталғаны жөніндегі бұл ақпарат Сhinovnik_kz телеграм каналында тарады.  

Ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ішкі Істер министрлігі бұл оқиғаға байланысты ресми хабарлама таратқан жоқ. 

Nege.kz порталының тілшісі осы мәселеге қатысты Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласқан. Департаменттегілер подполковниктің ұсталуына байланысты деректі жоққа шағармады, сондай-ақ растаған да жоқ. Тек бұл жайтқа байланысты сұрақтарға Ұлттық қауіпсіздік комитеті жауап беретінін айтты.

Тілшіміз Ұлттық қауіпсіздік комитетіне де жедел сұрау салған. Алайда ондағылар: «Әзірге бұған қатысты түсініктеме бере алмаймыз», – деп қысқа қайырды.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі