USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған бір науқас ауыр халде жатыр

Дәл қазір дәрігерлер консилиум өткізуде.

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған бір науқас ауыр халде жатыр
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. Бұл туралы жексенбі күні өткен брифингте қоғамдық денсаулық басқармасының жетекшісі Сәуле Қисықова мәлімдеді.

«22 наурызда екі жағдай тіркелді. Соның бірі өкпесі қабынған деген күдікпен стационарға жатқызылған Қазақстан азаматынан кейін коронавирус анықталды. Қазір бұл адамның дене қызуы қалыпты болғанымен, жағдайы ауыр, өкпесінің екі жағы да пневмонияға шалдыққан, өздігінен тыныс алуы қиындаған.», - деді Сәуле Қисықова.

Екінші адам елшілік қызметкер болып шықты. Ол адамнан ауру белгісі  өршіп тұрған елдерден келгендерді тексеру кезінде анықталыпты.

«Қалған 30 науқастың жағдайы бірқалыпты, дене қызулары да көрсеткішке сай. Коронавирус инфекциясы бойынша емдеу хаттамасымен ем алуда. 31 жағдай бойынша 250 адам ауруханаға жатқызылды, 327 адам үй карантинінде отыр», - деп тұжырды басқарма басшысы.

Қазір оқып жатыр

ДДСҰ Иркутскідегі жағдайға қатысты қауіп деңгейін бағалады

уланған қыз

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева мандатын мерзімінен бұрын тоқтатты

Татьяна Савельева

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы