USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда қылмыстық топ ұсталды

  Көлік полицейлері елордаға героин жеткізу арнасының жолын кесті.

Нұр-Сұлтанда қылмыстық топ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 28-57 жас аралығындағы елорда тұрғындары ұзақ уақыт бойы героин таратумен айналысқан деген күдікке іліндіКөлік полициясының қызметкерлері ұзақ уақыт бойы Нұр-Сұлтан қаласында героин таратумен айналысқан қылмыстық топты жойды. Жедел іс-шаралар кезінде 5 есірткі сатушы – елорданың 28-57 жас аралығындағы тұрғындары ұсталды.

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Тәркіленген героиннің жалпы салмағы шамамен 140 грамм тартады.

Айта кетері, героиннің 1 грамының өзі аса ірі көлемдегі есірткі саналады, оны заңсыз айналымға енгізгендерге мүлікті тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама

Тоқаев ШЫҰ Су мәселесін талдау орталығын құруды ұсынды

су қауіпсіздігі