USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда газ неге қымбат?

Ел астанасында газ бағасы өзге тарифтерден қымбат болайын деп тұр. Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ернат Базил мұның себебін түсіндіріп берді.

Нұр-Сұлтанда газ неге қымбат?
Фото: NEGE.kz



Басқарма басшысының орынбасары сөз басында ел астанасына газ тарту жұмысы төрт ай уақытқа кешіккенін жеткізді.

«Ең алдымен айтарым, көмір жағу біріншіден, экологияға зиян, екіншіден оның күлі бар. Қазір қалалық әкімдік жер үйлерден күл шығаруды тегін жүргізіп жатыр. Ал дүние жүзінде, тіпті өзіміздің Алматыда оған жеке ақша алынады. Қазір күл төгетін орындар жоқтың қасы. Көгілдір отын таза, одан ешқандай қалдық шықпайды. Жер үйге газ орнатылса ыстық судың да, жылудың да проблемасы шешіледі. Ал көмір жағылатын үйде оның бәрі өз алдына жұмыс. Көмір үйді жылытқанмен суға түсу үшін үй иесі аристон қою керек болады. Ал аристонға қосымша тоқ кетеді. Осының бәрін үнемдеп санап келгенде газдың бағасы қымбатқа түспейді. Сол себепті көгілдір отын әлдеқайда тиімді болады», - деді басқарма басшысының орынбасары.

Баспасөз конференциясы барысында Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков қоғам тарапынан да, депутаттар тарапынан да газ бағасы қызу талқыланып жатқаны назарда тұрғанын айтып өтті.

«Бұл мәселені Үкіметте талқылап, Премьер-Министр тиісті шаралар қолдану үшін тапсырма берді. Табиғи монополияны реттеу комитеті осы мәселеге жауапты. Олар бүкіл факторды ескереді. Энергетика мен Ұлттық экономика министрліктері бірлесе отырып, көтерме сауда бағасын белгілейді. Қазіргі таңда ол баға еліміздің өзге өңірлерінде өзіндік құнынан төмен», - дейді Мұрат Жүребеков.

Еліміздің өзге өңірлеріне газ тарту жұмысы кешеуілдеуі мүмкін бе? Вице-министр «Сарыарқа» газ құбыры үш кезеңнен тұратынын жеткізді.

«Алғашқы кезең Нұр-Сұлтан қаласына дейін, екіншісі Көкшетау қаласына дейін. Ал соңғысы Петропавлға дейін. Осы жобада Нұр-Сұлтан қаласы мен екі үлкен облысты газбен қамтамасыз ету жұмысы жүргізіледі. Қазір бұл істі талқылап жатырмыз. Оның басты мәселесі – қаржыландыру көзі. Соның негізінде бәрі белгілі болады», - дейді вице-министр.

Бұдан бөлек, жиында тұрғын үй иелері үйіне газ кіргізу үшін қандай қадам жасауы керектігі қозғалды.

«Біз газ құбырын үйдің дуалына дейін жеткізіп береміз. Газ келгеннен кейін тұрғын үй «ҚазТрансГаз Аймақтан» техникалық шарт алуы керек. Ол тегін беріледі. Сол техникалық шартта газды қаншалықты қолданылатыны, үй аумағының қай тұстарында пайдаланатыны көрсетіледі. Үйіне бөлек, қасындағы моншасына бөлек жүргізуі мүмкін. Ары қарай үй иесі «ҚазТрансГаз Аймақ» талап ететін аттестаты мен шарты бар мамандандырылған ұйымды жалдай отырып монтаждау мен пломбалау жүргізеді. Мұндай жұмыс шамамен 30-35 мың, кейде 60 мың теңгеге дейін барады. Ал ең бастысы газ есептеуішті тегін береміз», - дейді Ернат Базил.

Ол сөз арасында жер үйде орнатылған пештің де рөлі зор екенін жеткізді. Егер сұйық газбен аралас пеш болса жаңасын орнатудың қажеті жоқ. Ал тек қана көмірге арналған түрі болса ауыстыру қажет.

«Столичные делишки» әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

.

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

.

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жедел жәрдем

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

.