USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда ер адам бесінші қабаттан құлады

  Нұр-Сұлтанда сол жағалауда ер адам бесінші қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді. 

Нұр-Сұлтанда ер адам бесінші қабаттан құлады
Фото: NEGE.kz

 Нұр-Сұлтан, NEGE. «11 тамыз күні сағат 18.28-де полицияның 102 нөміріне түрлі жарақаты бар ер адамның ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері оқиғаның Достық көшесінде болғанын, онда 34 жастағы ер адамның 5-ші қабаттың терезесінен құлап кеткенін анықтаған. Оқиға кезінде ер адам үйде жалғыз болған», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті. Департаменттің хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобын жасақтады

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Әлі көзін ашқан жоқ»: Жамбыл облысында оқушы бала «сходқа» кешіккені үшін соққыға жығылып, ес-түссіз жатыр

Асылбек

Қазақстанда пәтерде «өндіріс» ашып, мемлекеттік тапсырыс алғандар болған

Ерсайын Нағаспаев

Алматыдағы түсірілім кезінде ондаған адам уланған телехикая Netflix-те көрсетіле бастады

Пойыз