USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда екі жағалауды жалғайтын жаңа көпір салынады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзенінен өтуге арналған жаңа көпір құрылысы туралы айтып берді. 

Нұр-Сұлтанда екі жағалауды жалғайтын жаңа көпір салынады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Биыл Тәуелсіздік даңғылымен Есіл өзенінен өтетін көпір құрылысын бастаймыз. Алдағы екі жылда құрылыс аяқталады. Сонда Мәңгілік ел даңғылындағы көлік кептелісі азайтып, оң және сол жағалауларды қосымша көпірмен жалғаймыз», - деді А. Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, биыл 2 көпірдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуі тиіс.

«Көлік жүктемесін азайту үшін қосымша көпірлер салуымыз қажет. Қазір шартты атауы №27 көше әзірленіп жатыр. Онда Жаңа вокзалға қарай Нұра-Есіл каналы мен Есіл өзенінен өтетін екі көпір салынған. Бұл да оң және сол жағалаудардағы көлік кептелісін азайтуға көмектеседі. Биыл барлық құрылыс аяқталып, пайдалануға беріледі», - деді елорда әкімі.

Қазір оқып жатыр

Павлодар қаласында ЖЭО аумағында өрт шықты

Оқиға орны

Сот Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты жазадан босату туралы қаулының күшін жойды

Кәрім Көкірекбаев

Қостанай облысында ер адамға қасқыр тап берді

Қасқыр

Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев, Айбек Дәдебай