USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда екі күнде 2,5 млн теңге "тапқан" таксист тергеуге алынды

Нұр-Сұлтан қаласында такси жүргізушісі жалға алған көліктерден катализатор ұрлап, такси компаниясын 2,5 миллион теңгеге шығынға батырды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Нұр-Сұлтанда екі күнде 2,5 млн теңге "тапқан" таксист тергеуге алынды
Фото: NEGE.kz


Елорда, NEGE. Сарыарқа аудандық полиция бөліміне "Смарт такси" ЖШС басшысы арызданды. "Chevrolet Cobalt" маркалы көліктерден катализатор ұрланды. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 39 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол такси жүргізушісі болып жүргенде жалға алған көліктерден катализатор ұрлаған. Әрбіреуінің бағасы - 830 мың теңге.
"Күдікті екі күннің ішінде көліктерді техникалық қызмет көрсету орталықтарына апарып, автомеханиктерге катализаторларды ақыға кескізіп алған. Сосын бәрін металды қабылдау орнына төмен бағамен өткізген", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық, бірнеше рет жасалған әрекет") бойынша екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси