USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда екі бала өзенге батып кетті

29 мамырда сағат 12.50-де 112 пультіне Есіл өзенінде Бейсеков көшесіндегі көпір маңында екі бала суға батып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нұр-Сұлтанда екі бала өзенге батып кетті
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE "Сүңгуір отряды өзен түбінен кәмелетке толмаған бір ұл баланың мәйітін тапты, содан кейін бірнеше минуттан соң екінші бала табылды. Полиция департаменті балалардың кім екенін анықтап жатыр", - деп хабарлады қалалық ТЖД өкілдері.

Олар бұған дейін осы өзеннің аумағында ақпараттық стенд, сондай-ақ осы учаскеде шомылуға тыйым салынғаны туралы белгілер орнатылғанын айтты.

"Құрметті ата-аналар, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауға кеңес береді! Әсіресе жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керегін балаларға айтыңыз. Бүгінгі таңда елордада шомылуға арналған үш ресми учаске бар: орталық саябақ, "Три пескаря" демалыс аймағы және "Астаналық аула", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев