USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда бірнеше спорт нысаны ашылды

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше спорт нысандары ашылды. Жаңадан ашылған және салынып жатқан спорт кешендері туралы қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев айтып берді.

Нұр-Сұлтанда бірнеше спорт нысаны ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биыл елорда әкімдігінің тікелей қолдауымен «Астана Арена» спорт кешені жанынан қалалық жауынгерлік өнер және бокс орталығы ашылды. Және қаланың оң жағалауындағы тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін Жирентаев көшесі бойында жекпе-жек орталығын аштық. Сонымен қатар Тәуелсіздік сарайында көркем гимнастика орталығы іске қосылды. Одан бөлек, Сарыарқа велотрегі жанынан Дзюдо орталығы жұмыс істей бастады. Ашылған орталықтар мен залдар заманауи құралдармен жабдықталған», - деді С. Ерғалиев.

Сондай-ақ, басқарма басшысы қала маңындағы елді мекендерде бірнеше спорт кешенінің салынып жатқанын тілге тиек етті.

«Қазіргі таңда 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Ильинка, Көктал-2, Өндіріс, Железнодорожный тұрғын алаптарында салынып жатқан спорт кешендері биыл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі», - деді ол.

Одан бөлек, С. Ерғалиев биыл Нұр-Сұлтанда «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына 50 қала әкімінің гранты бөлінетін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК жүк көліктерін шекарадан «тез өткізген» топты әшкереледі

.

Алматыда баспана нарығы мемлекеттік бағдарламаларға тәуелді болып қалды – сарапшы

.

Түркістан облысында мектеп қызметкерлерінің жөндеу жұмысына тартылғаны дау тудырды

.

Әл-Фарабидегі жол апаты: прокурор жүргізушіге қандай жаза сұрады?

апат