USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда бала ұрламақ болған қылмыскер ұсталды

Нұр-Сұлтан тұрғыны мессенджерде белгісіз біреу оның бір жарым жасар баласын ұрлауға тырысқанын айтты. 

Нұр-Сұлтанда бала ұрламақ болған қылмыскер ұсталды
Фото: NEGE.kz

 Нұр-Сұлтан, NEGE. Баласы арбада отырған әйелге бейтаныс ер адам келген сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардан ер адамның әйелге жақындап, оның баласын арбадан қалай шығарып алғанын көруге болады. Кейін анасы баланы ер адамның қолынан алып алады. Осы сәтте жаяу жүргіншілер әйелге көмекке келеді, ал ер адам қашып кетеді. Кейінірек әйел мессенджерде белгісіз адам баласын ұрлауға тырысқаны туралы жазады. Полиция ер адам ұсталғанын хабарлады.

«Сенбі, 7 тамызда полицияға Бектұров көшесіндегі дүкеннің алдында белгісіз біреу бір жарым жасар баланы ұрлауға тырысқаны туралы хабарлама түсті. Әйелге өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілер көмекке келген. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері Ақмола облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша ұсталған адам есірткіге мас болған. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүргізіліп жатыр», – деді ведомство өкілі.

Қазір оқып жатыр

12 жылға сотталған экс-әкім мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін

Кәрім Көкрекбаев

Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобын жасақтады

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Әлі көзін ашқан жоқ»: Жамбыл облысында оқушы бала «сходқа» кешіккені үшін соққыға жығылып, ес-түссіз жатыр

Асылбек

Қазақстанда пәтерде «өндіріс» ашып, мемлекеттік тапсырыс алғандар болған

Ерсайын Нағаспаев