USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда ата-аналар халықты екпе алуға шақырды

Алдағы оқу жылы дәстүрлі офлайн режимінде басталады. Елорданың оқу орындары оқушыларды 1 қыркүйекте қабылдауға дайындалып жатыр. Сондықтан мектеп қызметкерлері мен балалардың ата-аналарының өздері оқушыларды COVID-19-дан қорғау үшін вакцинацияланғаны маңызды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда ата-аналар халықты екпе алуға шақырды
Фото: NEGE.kz

Астаналық оқушылардың ата-аналары вакцинацияны қолдап, азаматтарды тезірек иммунизациядан өтуге шақырды.

«Қазір Қазақстан үшін өте қиын кезең. Осындай қиын жағдайда инфекциямен күресте бізге тек вакцина көмектеседі. Вирусты өзгелерге жұқтырмас үшін және балаларымызды қорғап, олардың мектепке алаңсыз баруы үшін вакцинациядан өтуіміз керек. Сондықтан, құрметті ата-аналар мен оқытушылар, барлықтарыңыздан екпе алуды сұраймын», – деп астаналық Ақнұр Молдашева азаматтарға жүгінді.

Вакцинация коронавирустық пандемиямен күресте жалғыз тиімді қару екені белгілі. Азаматтар иммундаудан неғұрлым тезірек өтсе, соғұрлым COVID-19 таралуының өсуі тоқтайды.

Әлия Жахинаның баласы музыка мектебінің 4-сыныбында оқиды. Бүкіл отбасымен бірге вакцина алған ата-ана халықты жаппай вакцина қабылдауға шақырды.

«Мен өз елімнің патриотымын, белсенді азаматпын және ата-анамын. Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алғашқылардың бірі болып алдым. Бұл өте маңызды деп есептеймін. Құрметті ата аналар, мұғалімдер, достар, бірге вакцинациядан өтіп, пандемияны жеңіп, бұрынғы өмірге оралайық», – деді тағы бір ата-ана Дәнекер Қасымова.

КВИ-ға қарсы вакциналар қауіпті вируспен күресте өз тиімділігін дәлелдеді, бұған бүкіл әлем бойынша ғалымдардың ондаған зерттеулерінің нәтижесі дәлел бола алады. Тек вакцина алу арқылы ғана өзіңіздің және айналаңыздағылардың денсаулығын қауіптен сақтауға болады.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар