USD
USD
USD

Нұр-Сұлтанда 2 мың адам қаржы пирамидасына алданып қалған

Елордада қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 2 мың азаматты алдағандарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтанда 2 мың адам қаржы пирамидасына алданып қалған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қаржы мониторинг агенттігінің елордадағы департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша Р.Ж. Ахымбекова мен К.Ж. Елеукеноваға қатысты қылмыстық істі аяқтады. Күдіктілер WhatsApp және Telegram арқылы "Астана Раушан касса айналымы" деген чат ашып, ақша алу үшін 2 мыңға жуық салымшыны тартқан.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты қаржы пирамидасының құрушы мен басшысын нақты мерзімге – әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сондай-ақ сот олардың екеуін де 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестиция тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды.

Айта кетейік, биыл 11 сәуірде елордада Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 млн теңге салған әйел жұрттың көзінше өзін өртеп жіберген еді.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити