USD
USD
USD

Нұр-Сұлтан-Алматы рейсінің ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға оралды

Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан "Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға қайтты, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

Нұр-Сұлтан-Алматы рейсінің ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға оралды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бүгін таңғы сағат 07.43-те Нұр-Cұлтан-Алматы бағыты бойынша Эйр Астана әуекомпаниясының А 321 әуе кемесі герметикалықты жоғалтудың техникалық себебіне байланысты Нұр-Cұлтан әуежайына оралды", - делінген ААК хабарламасында.

Әуе кемесі Нұр-Сұлтан әуежайына таңғы сағат 08:32-де сәтті қонды.

Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған. Аталған дерек бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізеді.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері