USD
USD
USD

Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен олимпиада жолдамасына ие болды

Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Сербия астанасы Белград қаласында мәресіне жеткен әлем чемпионатында грек-рим күресінен олимпиада жолдамасына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен олимпиада жолдамасына ие болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Абай облысының тумасы Нұрсұлтан Тұрсынов (жеке бапкері Ерғазы Сағынаев) 87 келіге дейін салмақта қола жүлде үшін бәсекеде олимпиада чемпионы, украиналық Жан Беленюкқа есе жіберді.

Дегенмен жарыс шарты бойынша жеңіліп қалғандар үшін тағы бір жолдама ойнатылды.

Бұл белдесуде Нұрсұлтан әзербайжандық Ислам Аббасовты 8:0 есебімен бет қаратпай, айқын басымдықпен ұтты.

Сөйтіп өз салмағында бесінші орынға табан тіреп, олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Осылайша, күрес түрлерінен дүниежүзілік додада Қазақстан құрамасына қос жолдама бұйырды.

Бұған дейін еркін күрестен Азамат Дәулетбеков қола жүлдегер атанып, олимпиада лиценциясын қанжығасына байлаған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты