Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Нұр-Сұлтан тұрғыны бұрынғы әйелін көлігінің капотымен сүйреді

Нұр-Сұлтанда түннің бір уағында Гете көшесінің бойындағы вокзал алаңында отбасылық жанжал болды. Көлік ішінде отырған ерлі-зайыптылар жанжалдасып қалған, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан тұрғыны бұрынғы әйелін көлігінің капотымен сүйреді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әйелдің айтуынша, ол көліктен түскен, бірақ көлікте құжаттарыy ұмытып кеткен. Күйеуі есік ашпастан қозғала бастады, сол кезде әйел машинаның капотына секірген. Бұған қарамастан, жүргізуші жылдамдықты өсіріп, қозғалысын жалғастыра беріпті.

Куәгерлер капоттағы әйелді көріп, құқық бұзушыны тоқтатпақ болды, бірақ экс-күйеу жылдамдығын төмендетпей, өтіп бара жатқан басқа көліктерді басып озады. Нәтижесінде жүргізушілер ол көліктің алдын кес-кестеп, әрең тоқтатты. Бейнебақылау камералары арқылы жедел басқару орталығының қызметкерлері түнгі қуғынды байқап, оқиға орнына патрульдік полиция экипажын жіберді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жүргізуші мен әйелді полиция бөліміне жеткізді. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың ажырасу процесінен кейін бір-біріне реніші болмаған. Әйелге зақым келген жоқ.

Аталған факт бойынша "KIA Serato" жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабы, 1 бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Нұр-Сұлтан полиция департаментінің басшылығы өз іс-әрекеттерімен жолдағы қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектескен қамқор жүргізушілерге алғыс білдіреді.

Қазір оқып жатыр

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар

3 млрд теңге залал келген: Астанада жоқ пәтерлерді сатқан төрт адам сотталды

кісі өлімі