USD
USD
USD

Нұр-Сұлтан: Түнгі клубта кәмелет жасқа толмаған 22 бала жүрген

Балалардың бақылаусыз қалуының алдын алу үшін елордалық полицейлер түнде рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан: Түнгі клубта кәмелет жасқа толмаған 22 бала жүрген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ювеналдық полиция учаскелік инспекторлары сағат 22.40-та «Текила» клубында жүрген 22 кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді анықтап, полицияға жеткізді. Олар салынған тыйымға қарамастан клубта досының туған күнін атап өтпек болған», - деді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ҚР Әкімшілік кодексінің 442-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында жүргені үшін олардың ата-анасымен бірге көңіл-көтеру орындарының иесі де жауапқа тартылады. Ғимарат иесіне қатысты материал жинақталып, әкімішілік жауапқа тарту үшін уәкілетті органға жіберілді.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті ата-аналарға сағат 22:00-ден кейін балалардың бақылаусыз сыртта жүргені үшін жауапқа тартылатынын ескертеді.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев