Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың ауруына қатысты түсініктеме берді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Баспасөз хатшысы Назарбаевтың жұмыс кестесі ай басынан бері тығыз болғанын атап өтті. 

"Елбасы бірқатар екіжақты келіссөздер өткізді, ресми тұлғаларды қабылдады. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Телевизиялық түсірілімдерді ұйымдастыруға қатысты. Жалпы, Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы қатаң бақылауда. Дүрбелең туғызып, алаңдауға негіз жоқ. Елбасы заманауи байланыс арналарын қолдана отырып, қашықтан жұмыс істейді", - деді Үкібай.

Бекітілген хаттамаға сәйкес, Тұңғыш Президенттің басқа адамдармен тікелей байланысы шектелген. Елбасының қатысуымен жоспарланған кейбір іс-шаралар интернеттегі бейнеконференция арқылы өтуі мүмкін.

"Ресми ақпарат жарияланған алғашқы минуттардан бастап алаңдаушылық білдірген азаматтар өте көп. Олар Тұңғыш Президенттің тезірек сауығып кетуіне тілектес. Менің телефоныма да хабарласып жатқандар көп. Журналистер, достарым, туыстарым, әріптестерім, оның ішінде жақын және алыс шетелдегілері де Елбасымызға күш-қайрат және зор денсаулық тілеуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Тұңғыш Президентке өз қолдауы мен тілегін білдірді. Елбасы кеңсесіне еліміздің барлық аймақтарынан жеделхаттар келіп жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев өз денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, жылы лебізін жеткізген барлық қазақстандықтарға өз ризашылығын айтады, - деп жазды баспасөз хатшысы. 

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.