Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Нұрсұлтан Назарбаев жастарға ақылын айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жастарға ақылын айтты, – деп хабарлайды Elbasy.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев жастарға ақылын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол тәуелсіздік жылдары қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталып, биыл да ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.

«Қазіргі таңда мен барлық қазақстандық мақтан тұтатын табыстарымызға жету қаншалықты қиын болғанын жақсы білемін. Өскелең ұрпақ қолда барды қадірлеуге, Отанымыздың әрі қарай өркендеуін ойластыруға, өз елін мақтаныш етуі тиіс. Жастар мүддесі әрдайым менің басты назарымда», – деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті егемендік жылдары елімізде нақты әрі тиімді әлеуметтік лифттер құрылғанын айтты.

«Менің бастамаммен ел үшін ең күрделі кезеңде іске қосылған "Болашақ" бағдарламасымен 15 мыңға жуық жас қазақстандық білім алды. 5 жыл бұрын Назарбаев университеті студенттерінің алғашқы легі түлеп ұшты. Осы жылдардың аралығында оқу орнында 5 мыңға жуық маман даярланды. Мемлекет іске қосқан әлеуметтік лифттердің арқасында мыңдаған жас қазақстандық табысқа жетті», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Nur Otan партиясының төрағасы жастар қанатының мүшелеріне пандемия кезіндегі қайырымдылық шараларына және волонтерлік қызметке белсене атсалысқаны үшін зор ризашылығын білдірді.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев пен Бапи: ҚХП мен ЖСДП бұрынғы басшыларына қатысты даулы мәселелерге жауап берді

Ертісбаев пен Бәпи

«Алға, Қазақ елі!»: Дастан Сәтпаев алдағы маусымды «Бернли» сапында өткізеді

.

Жеке вилла болмайды: Көк-Жайлаудағы Almaty SuperSki жобасының жай-жапсары

 Kazakh Tourism Development

KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

жарық