USD
USD
USD

Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның экс-Президенті Абдулла Гүлмен кездесті

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдулла Гүлмен кездесті, деп хабарлайды Елбасы сайты.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның экс-Президенті Абдулла Гүлмен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесуде Елбасы А.Гүлге «Астана клубының» жұмысына белсене қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

«Сіз отырыста жақсы сөйледіңіз. Мен сіздің идеяларыңызды қолдаймын. Кезінде біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, экономикалық интеграцияны дамыту жолында көп жұмыс атқардық. Бұл іс қазір де жалғасып жатыр», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

А.Гүл «Астана клубы» отырысының аясында жаһандық күн тәртібі мәселелерін талқылаудың өзектілігіне тоқталып, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үлкен Еуразия» құрлығында ынтымақтастық пен қауіпсіздікті нығайту ісіндегі маңызды рөлін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе