USD
USD
USD

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дариға Назарбаеваны қамауға алуға тыйым салынған

Әділет министрі Қанат Мусин Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының тұтқындалуы қаншалықты заңды екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дариға Назарбаеваны қамауға алуға тыйым салынған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәжіліс кулуарында журналистер әділет министрінен тұңғыш президенттің отбасынан кімдерді қылмыстық жауапқа тартуға болатынын сұрады.
Қанат Мусин заңның күші (тұңғыш президент жайлы) Назарбаевтың немере інілеріне емес, отбасы мүшелеріне ғана таралатынын еске салды.

Дариға Назарбаева немесе Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қамауға алынуы мүмкін бе деген сұраққа министр "жоқ" деп жауап берді.

"Жоқ, бұл тұлғаларды ұстауға және қамауға алуға болмайды. Заң бұған тыйым салады. Бірақ оларға сұрақ қойып, жауап алуға тыйым жоқ", - деді Мусин.

Егер тергеу органдары Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне немесе қызы Дариға Назарбаеваға сұрақ қоятын болса, олар оны қамауға алмайды және ұстамайды.

Сондай-ақ, әділет министрлігінің басшысы қазір күн тәртібінде тұңғыш президент туралы заңды қайта қарау мәселесі тұрған жоқ екенін атап өтті. Айта кетері, бұл заң Елбасы мен оның отбасының жақын мүшелерін қорғайды.

Қазір оқып жатыр

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау