USD
USD
USD

Нұрсұлтан Назарбаев «Әл-Азһар» университетінің Бас имамы Шейх Ахмед ат-Тайебпен кездесті

Бүгін астанадағы Бас мешітте оқылған жұма намазынан соң Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Әл-Азһар» университетінің Бас имамы Шейх Ахмед ат-Тайебпен кездесті, деп хабарлайды elbasy.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев «Әл-Азһар» университетінің Бас имамы Шейх Ахмед ат-Тайебпен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Тараптар дүние жүзіндегі конфессияаралық диалогтің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, Қазақстанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің аталған үдерістегі маңызды рөлін айрықша атап өтті.

Қазақстанның тұңғыш Президенті Қазақстан мен Мысыр арасында қарым-қатынас орнату барысы, соның ішінде жоғары білім беру саласындағы байланыстар туралы өз естеліктерін ортаға салды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, Ахмед ат-Тайебтің Съезде сөйлеген сөзінің негізгі тезистеріне қолдау білдіріп, діндер көшбасшылары арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етудің маңызды екеніне тоқталып өтті.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити