USD
USD
USD

Нұр-Сұлтан көшелерінің бірінде иесіз жылқылар табылды

Нұр

Нұр-Сұлтан көшелерінің бірінде иесіз жылқылар табылды
Фото: NEGE.kz

-Сұлтан көшелерінің бірінде иесіз жылқылар табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аcтана, NEGE. 12 тамыз күні сағат 08:30 шамасында Абылайхан даңғылы бойында аллея аумағынан төрт жылқы табылды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері, әкімдік және ветеринарлық қызмет өкілдері келді.

Бірлескен күшпен жылқылар табылған жерден Алаш 72 мекенжайындағы қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарларын уақытша ұстау пунктіне жеткізілді.

Ауыл шаруашылығы жануарлары базасындағы жылқы чиптерін тексеру барысында олардың Ақмола облысы Аршалы ауданының тұрғынына тиесілі екені анықталды. Қазіргі уақытта мал иесі табылды.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы және 406-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жануарлар иесіне қайтарылады.

Ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы ПД табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп, тұрақты негізде қаланың тұрғын үй массивтерін, “жасыл белдеу” аумағын және айналма жолын, ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды бұзу фактілерін анықтау бойынша тексеру жүргізеді.

Елді мекендердің тұрғындарымен осындай фактілерге жол бермеу және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау бойынша ветеринариялық-санитариялық нормаларды сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы профилактикалық әңгіме жүргізіледі.

Полиция жыл басынан бері “102” арнасына иесіз жануарларға қатысты 306 хабарлама келіп түскенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков

Астанада сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығы құрылады

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қостанайда балалар санитариялық жағдайы сын көтермейтін лагерьде демалуға мәжбүр болған

Светафор

Алматы маңындағы аудандардың бірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

сел қаупі