USD
USD
USD

Нұр-Сұлтан қаласының атын Астанаға ауыстыруды ономастика комиссиясы қолдады

Нұр-Сұлтан қаласында ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты. 

Нұр-Сұлтан қаласының атын Астанаға ауыстыруды ономастика комиссиясы қолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Күн тәртібіне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының атын Астана деп қайта атау туралы мәселе талқыланды. Осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан бірнеше рет, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы елорданы Астана қаласы деп қайта атау туралы мәселе көтерген болатын.

Ономастика комиссиясының отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Мемлекет тарихы институты» РММ директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Аяған, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Әбсеметов, педагогика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Т.Қышқашбаев, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры Ербол Тілешов, Қазақстан жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы сөз алып, аталған ұсыныс жайлы оң көзқарастарын білдірді.

Ономастика комиссиясының мүшелері елорданың атын өзгерту туралы ұсынысты қолдады.

Қазір оқып жатыр

ЖСДП бензин сапасын бақылауды күшейтуді ұсынды

бензин сапасы

ОСИ төрағалары бұрынғы басшыға тәуелді болып қалуы мүмкін – Смышляева

Екатерина Смышляева

«40 млн теңге материалдық сыйақы алған»: Көлік саласындағы екі шенеунік қамауға алынды

шенеунік ұсталды

Under Armour Қазақстан ұлттық құрамасының жасанды формасын әзірлегендерді анықтауға кірісті

Ұлттық құрама