Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Нұр-Сұлтан қаласында балалар мен әйелдер хоккейі насихатталуда

Халықаралық әйелдер күні белгілі қазақстандық хоккейші Бұлбұл Қартанбаева балалар арасында қайырымдылық турнирін өткізеді, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Нұр-Сұлтан қаласында балалар мен әйелдер хоккейі насихатталуда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Турнирдің мақсаты - Нұр-Сұлтанда балалар мен әйелдер хоккейін насихаттау. Ойыншылар мен командалар тегін қатысады.

Жарыстың әрбір қатысушысына естелік кәдесый табысталады, ал алғашқы үш орынға ие болған командалар медальмен марапатталады.

Турнир жеңімпазына кубоктан бөлек 150 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады. Турнир Street Hockey 3х3, яғни көше хоккейі форматында өтеді.

Ал тіркелген әр команданың құрамында 9-13 жас аралығындағы бес ойыншыға дейін болуы қажет. Көше жарысына 6-8 команда қатысады деп күтіліп отыр.

Ойын 8 наурыз күні сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласы Қажымұқан көшесіндегі 9/2-үйде өтеді. Айта кетейік, шара Қазақстан хоккей федерациясы мен Street Hockey қолдауымен өтеді.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел