USD
USD
USD

Нұр-Сұлтан қаласына кіретін жолдар жабылды

Нұр-Сұлтанда ауа райының нашарлауына байланысты қалаға кірер бірнеше жол жабылды.

Нұр-Сұлтан қаласына кіретін жолдар жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «112» құтқару қызметі 11:00-де Нұр-Сұлтан - Теміртау тасжолының жабылғаны туралы хабарлады. Себеп – қатты боран, 20 м/с екпіндегі жел.

40 минуттан кейін астанадан Ерейментауға қарай шығатын жолдың жабылғаны белгілі болды. Ал 11:43-те Нұр-Сұлтан - Атбасар тасжолында қозғалыс шектелгені хабарланды. Сағат 12:06-да бораннан Шучинскіге апаратын трассада көліктің жүруіне тыйым салынды.

Бұдан бөлек, Павлодар облысында бораннан жолдың көрінбеуі салдарынан Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті тасжолында қозғалыс тоқтатылды.

Еске сала кетейік, 13 наурыз күні Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 13:20-дағы жағдай бойынша, елордада жел соғып тұр, қар ұшқыны байқалады. Ауа температурасы – минус бес градус.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық