Нұрсұлтан Аманжолов Оңтүстік Кореяда қарсыласын нокаутқа жіберді
Супер ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Аманжолов профи-рингтегі бесінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Instagram-дағы kazproboxing парақшасы.
Алматы, NEGE. Н.Аманжолов Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы жергілікті спортшы Сук Хи Ан болды. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын. Алайда, үшінші раундта аяқталды – Аманжолов оппонентін нокаутқа жіберді.
Н.Аманжолов үшін бұл кәсіпқой рингтегі – бесінші және мерзімінен бұрын аяқталған төртінші жеңісі. Оның қарсыласына келсек, Сук Хи Ан бұған дейін үш жекпе-жекте жеңіске жеткен, біреуін тең аяқтаған. Рингте екінші рет жығылып тұр.
Қазір оқып жатыр
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады