USD
USD
USD

Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы ұшақ шассиінің тысы жарылған

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Qazaq Air әуе компаниясының ұшағына қатысты болған оқиғаның мән-жайын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы ұшақ шассиінің тысы жарылған
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE.  «12 ақпанда сағат түнгі 23.20-да елордада Qazaq Air әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы QAZ427 рейсінде тосын оқиға тіркелді. Ұшақтың ортаңғы шассиінің тысы жарылып, онымен ұшақ 700 метрдей қозғалып үлгерген. Осыдан соң әуе кемесі тұраққа жеткізілген», - делінген комитет таратқан хабарламада. Бүгін таңертең мамандар Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы QAZ353 тұрақты рейсін орындайтын Qazaq Air әуе компаниясының басқа әуе кемесін де тексеріпті. Сонда шассидің оң жақ тіреуінің қос пневматигінің де зақымданғаны анықталған. Осыдан соң ұшақтан жолаушылардың бәрі де эвакуцияланған. Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен жағдайлар басқармасы бұл жайларға байланысты тергеу жүргізуде.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті