USD
USD
USD

Нұр-Сұлтан: 2023 жылға дейін 50 мектеп салынады

Нұр-Сұлтанда 2023 жылға дейін жаңадан 50 мектеп пайдалануға беріледі.

Нұр-Сұлтан: 2023 жылға дейін 50 мектеп салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Елорда халқының саны жыл сайын өсіп келеді. Бұл өз кезегінде оқушылардың да көбеюіне әсер етеді. Мысалы былтыр 180 мыңнан аса оқушы болса, биыл 200 мың оқушы жаңа оқу жылын бастап отыр. Әрине, кей мектептерде оқушының көптігі сезіледі. Әсіресе жаңадан салынған тұрғын үйлердің бір ауданда көп салынуы да мектепке деген сұранысты арттырады», – деп жауап берді Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы.

Мектеп жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін бес жылдыққа кешенді жоспар жасалған.

«Осы кешенді жоспардың аясында биыл 3 жаңа мектеп ашылды. Бұған қоса, тағы үш мектептің жанынан қосалқы құрылыс жүргізілді. Яғни, мектептерді кеңейттік. Жыл соңына дейін 2 жаңа мектеп, 3 қосалқы құрылыс ашылады. Осылайша 2023 жылға дейін барлығы 50 мектеп ашылады деп жоспарлап отырмыз», – деді басқармадан.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті