USD
USD
USD

Нұрсұлтан Назарбаев бел омыртқасына ота жасатқан

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай депутаттарын сайлауда үйінде дауыс берді.

Құрылтай сайлауы
Фото: nazarbayev.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Жақында бел омыртқасына жасалған отадан кейінгі денсаулық жағдайына байланысты Тұңғыш президент өз дауыс беру құқығын үйде іске асырды», – делінген ресми хабарламада.

Еске салсақ, бүгін, 23 тамыз күні Қазақстанда бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Сайлауға елде ресми тіркелген жеті партия – «Ақ жол», «Ауыл», «Әділет», «Байтақ», ЖСДП, «Республика», «Қазақстан халық партиясы» қатысуда. Сайлауда 12 731 847 Қазақстан азаматы дауыс бере алады, барлығы 10,4 мың сайлау учаскесі ұйымдастырылды.

Қазір оқып жатыр

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғары 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев