USD
USD
USD

Нұрсұлтан Назарбаев сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты

Қазақстанның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі әскери қызметшілердің қазасына байланысты марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.

Назарбаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Назарбаевтың сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, ол Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Қарулы күштердің әскери қызметшілерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдаған.

«Тұңғыш Президент орны толмас қайғыға ортақтасып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, нақтыланған мәлімет бойынша, оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде 17 әскери қызметші теңіз суына батып кеткен. Олардың 12-сі қаза тапты, үшеуі құтқарылды. Тағы екі әскери қызметші әлі іздестіріліп жатыр.

Сарбаздардың қаза болуына байланысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәлімдеуінше, қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі – ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау және 465-бабы – кеме жүргізу қағидаларын бұзу бойынша тергеліп жатыр.

 

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев